Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды

ktk.kz

Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды

Уганданың алыс қашықтыққа жүгірушісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына үміткер Ребекка Чептегеидің жігіті Диксон Ндием жанжал кезінде қалыңдығын аяусыз соққыға жыққан және Ребеккаға бензин құйып, оны өртеп жіберген.

Нәтижесінде денесінің 75 пайызын күйік шалған Чептегеи ауруханаға жеткізілді. 33 жастағы Ребекка бірнеше күн реанимациядан кейін ауруханада көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда.

Айта кетейік, Ребекка Чептегеи тек зорлық-зомбылықтың құрбаны ғана емес, сонымен қатар өз елін халықаралық деңгейде танытқан дарынды спортшы. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол әйелдер марафонында жарысқа қатысып, 44-орынға ие болды. Сонымен қатар Таиландта өткен 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды. Бұл оның мансабын сипаттайтын көптеген жетістіктердің бірі ғана.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024