Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Стенд атудан Азия кубогі: Қазақстан командасы 5 алтын медаль жеңіп алды

ktk.kz

Стенд атудан Азия кубогі: Қазақстан командасы 5 алтын медаль жеңіп алды

«Скит» бағдарламасы бойынша Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Әйелдер арасында Әсем Орынбай топ жарса, ерлер арасында Эдуард Ещенко көш бастады. Аралас жұптық сында Орынбай мен Ещенко финалда катарлықтарды жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды салды.

Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында чемпион атанды. Сондай-ақ, ерлер арасында Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пенков бірінші орын иеленді. Ал Максим Почивалов, Артем Седельников және Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста алтыннан алқа тақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024