Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBO рейтингінің бірінші сатысында тұрған британдық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында Бентли мен Әлімханұлы жекпе-жек өткізген еді. Ол кездесуде төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Жәнібек жеңіске жеткен болатын. Содан бері Бентли бірнеше рет қайта жұдырықтасуға ниетті екенін білдіріп келген. Енді ол нақты ұсыныс айтып отыр. Реваншты 19 шілде күні Лондонда, әйгілі «Уэмбли» стадионында өтетін Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы екінші жекпе-жек аясында ұйымдастыруды қалайды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
8 мамыр 2025