Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/4 финалында Зарина (WTA: 318) турнирдің бірінші ракеткасы саналған аустралиялық Лизетте Кабрераны (WTA: 215) тізе бүктірді.
Хард кортта өткен қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Матч нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:2; 3:6; 6:2) есебімен басым түсті.
Енді Зарина Дияс финалдық жолдаманы жергілікті ракетка шебері Химено Сакацумемен (WTA: 252) сарапқа салады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 30 мың долларды құрайдв.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
10 мамыр 2025