11 жас боксшымыз Азия чемпионатының алтынына таласады

Бокстан Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша ерлер арасындағы финалистер белгілі, деп хабарлайды Sport12.kz
Рингке бірінші шыққан 63,5 келідегі Мұхит Нұрқабылұлы Сауд Арабиясының өкілі Зияд Алшехриді 2-раунд аяқталмай жатып, техникалық нокаутпен жеңді.
67 келідегі Сұлтан Тұрдалы да жекпе-жекті соңына дейін жеткізбеді. Төреші Сауд Арабиясының спортшысы Райан Аважи қайта-қайта жойқын соққыларды қабылдаған соң, 2-раундта кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
75 келіде Жасұлан Бердалы мен жарыс қожайыны Санджит Перераның жекпе-жегі 1 жарым минутқа ғана жалғасты. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен Санджит алғашқы секундта алға ұмтылғанымен, жерлесіміз қарсыласын бірден сабасына түсірді.
80 келіде Игорь Соловьев бейтарап ретінде сынға түскен Абхишек Сингхқа мүмкіндік қалдырмады. Отандасымыздың 2-раундта бүйірден жасаған соққысынан кейін қарсылас қалыпқа келіп үлгермеді. Техникалық нокаут.
86 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай қырғызстандық Әзірет Автандиловпен жұдырықтасты. Терезесі теңдей өткен айқаста төрешілер ұзақ уақыт ойланып, ақыры 2:3 есебімен жеңісті қырғыз өкіліне берді.
+92 келіде Бексұлтан Қайратұлы БАӘ өкілі Орхан Агаевпен кездесті. Алғашқы раундта қарсылас лас айқасқаны үшін, төреші бір ұпайын шегеріп тастады. Бірақ қалған уақ
- Соңғы
- Танымал
- Мамыр, 29
-
-
- Мамыр, 28
-
-
- Мамыр, 27
-
-
- Мамыр, 26
-
-
-
- Мамыр, 23
-
-
-
- Мамыр, 22
-
-
- Мамыр, 21
-
-
- Мамыр, 20
-
- Мамыр, 19
-
Күнделікті жаңалықтар
30 мамыр 2025