Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Танымал боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жекке шығуы ықтимал. Бұл туралы Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев хабарлады. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, қарсылас ретінде ММА аңыздарының бірі — Фёдор Емельяненко ұсынылуы мүмкін.
«Біз желтоқсан айында Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған турнирге Тайсонды арнайы қонақ ретінде шақырғымыз келеді», — деді Бектаев баспасөз мәслихатында.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
29 мамыр 2025