Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

9 жастағы бала әлем елдерін жатқа біледі

aikyn.kz

9 жастағы бала әлем елдерін жатқа біледі

Әкесінің айтуынша, баланың елдерге деген қызығушылығы доптан басталған. «Кішкентайында «Қазақстан қайда?» десек, Қазақстанды көрсететін еді» дейді әкесі Құмарғали Жазықбаев. Шерханның қабілетін одан әрі шыңдау үшін ата-анасы жүзден астам мемлекеттің туы бейнеленген жазбаны сыйлаған. Әрқайсының артында сол елдің атауы, астанасы және тұрғылықты халықтың қай тілде сөйлейтіні жазылған. Шерхан аз уақыттың ішінде соның бәрін жаттап алған. Бірақ оның бұл қабілетіне ата-анасы алғашында аса мән бере қоймаған екен. Тек уақыт өте Шерханның есте сақтау қабілетін байқаған. Шерханның сабақ үлгерімі жақсы. Мектепте алғырлығымен өзге балалардан ерекшеленіп тұрады дейді ұстаздары.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024