Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкжөтелдің алдын алу

13kz.kz

Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтел- тыныс алу жолдарының шырышты қабақтарын зақымдайтын ауыр инфекциялық ауру. Көкжөтелдің қоздырғышы- бордетеллапертуссис, гемоглобинге қатысты уыттылықтың жоғары деңгейі бар грамды терістаяқшасы. Бронхтардың, өңештің және өкпе тінінің шырышты қабыққа қанның көп құйылуы болады. Жөтел қатты ұстағанда баланың бетінде көгерулер мен қанның болуы мүмкін. Ауру жұққан адаммен тікелей байланысқанда ауа-ауыз қуысы арқылы берілуі мүмкін. Қоздырғыш сыртқы орта жағдайына төзімсіз, тікелей күн сәулесіне сезімтал. Бұл қысқы және күзгі уақыттағы балалардың көкжөтелінің көбеюі маусымдылығын түсіндіреді. Пациент айналасындағы адамдар үшін ауру белгілері пайда болған сәттен бастап 30 күн бойы қауіпті. Аурудың өзі шамамен 6 аптаға созылады және 3 кезеңге бөлінеді: продромальді (катаральді), пароксизмальді және аурудан жазылу кезеңі. Продромальді кезең әдетте 1-2 аптаны құрайды, мұрыннан су ағу, түшкіру, сирек қызудың қалыпты көтерілуі және жөтелге қарсы дәрілерден азаймайтын жөтел байқалады. 3-аптада жөтел күшейеді, ұстама түріндегі нысанға айналады, әсіресе түнде және пароксизмальді кезеңге көшеді. 3- тен 4 -апта аралығында созылмалы шырышты қақырық бөлумен спастикалық жөтел байқалады. Жөтел ұстаған уақытта ауру адамның беті қызарады, тілі аузынан шығады, тіл астындағы жіпше зақымдалуы мүмкін, кейде көз коньюнктиваларына қанның құйылуы болады. Емшектегі балалар да жөтел ұстамасы болмайтындығын есіңізде сақтаңыз. Оның орнына бірнеше жөтел екпіндерінен кейін қысқа уақыттық дем алысы тоқтауы мүмкін, бұл оның өміріне қауіпті. Жазылғаннан соң қорғау барлық өмір кезеңінде сақталады. Көкжөтелге қарсы вакцинацияның әсері қайтадан ревакцинациямен қамтамасыз етіледі, бұл екпенің ұлттық күнтізбесінде де көзделген. Вакцинациядан кейін иммунитет толық қорғауды кепілдендірмейді. Бірақ та ауру осындай екпе салынған балаларда жеңіл және жылдам түрде болады. Көптеген асқынулар туындамайды. Көкжөтелдің айрықша алдын алудың жалғыз сенімді құралы бұл вакцинация болып табылатынын тағы қайталап айтамыз. Қазақстан Республикасында балаларды вакцинациялаудың ұлттық күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге қарсы вакцинация үш рет 2,3 және 4 айда,18 ай мен 6 жаста ревакцинациямен жүргізіледі. Н.Нышанов ТО СЭБД басшысы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024