Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да 3,8 мың жасөспірім қызға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынады

ktk.kz

СҚО-да 3,8 мың жасөспірім қызға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынады

Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу биыл қыркүйек айында басталады. Негізінен 11 жасар жасөспірім қыздар қамтылмақ.

Олар екпені ата-аналарының жазбаша келісімімен жаңа оқу жылы басталысымен тегін ала алады. Облыста барлығы 3800 қызды егу жоспарланған.

«Қазақстанда әйелдер онкологиясында сүт безі обыры бірінші орында тұрса, жатыр мойны обыры екінші орында келеді. Елімізде күн сайын осы қатерлі ісіктің 5 жаңа жағдайы тіркеледі, осы аурудан күніне екі әйел көз жұмады. Сондықтан әлем онкологтары қатерлі ісік тудыратын адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр. Адам папилломасы вирусынан туындаған аурулар жасырын басталып, созылмалы түрде дамып, қатерлі және қатерсіз ісік тудырады. Бұл адамның ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін өзара ұқсас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен тәуір болады және көбінесе адам байқамайды. Кейбір жағдайларда, адам папилломасы вирусының онкогендік түрлері ағзада қалып қоып, бұл әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен — жатыр мойны обырына әкеледі. 100% жағдайда жатыр мойны обыры осы вирустан туындайды», — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, инфекция ауру адам немесе тасымалдаушыдан жұғады.

«Вирус үш жолмен таралады — жыныстық, жанасу-тұрмыстық, яғни терінің шағын жарақаттары арқылы және перинаталдық — анадан балаға берледі. Әдетте ол адамдарда иммунитет әлсіреген сәтте, мысалы, тұмау және басқа жұқпалы аурулардан кейін пайда болады. Денеге бір рет енгеннен кейін вирус қалады. Адам папилломасы вирусына қарсы екпе — қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обырынан ғана емес, басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың заманауи және барынша тиімді тәсілі. Тиімділіктің 95% жуық», — дейді Әсет Жұматаев.

Екпе иыққа, стандартты 0,5 мл көлемде бұлшықет ішіне енгізіледі. Екпеге қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарауынан кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеген «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.

«Бүгінгі таңда адам папилломасы вирусына қарсы екпелер 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда жүргізіледі. АҚШ пен Австралия сияқты көптеген елдер оны жатыр мойны обырына қарсы ұлттық бағдарламаларына енгізді. Скринингтік бағдарламалармен бірге бұл елдердегі жатыр мойны обырының жиілігі мен өлімін айтарлықтай азайтуға көмектесті», — дейді Әсет Жұматаев.

Әзірге адам папилломасы вирусына қарсы препарат СҚО-ға жеткізілген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024