Мұхтар Мағауин: мен Мұхтар Шахановты мойындадым
Жазушы Мұхтар Мағауин мен ақын Мұхтар Шахановтың арасындағы ұзақ жылғы тартыс саябырсып қалған еді. Сөйтсек, Мұхтар Мағауиннің үні елге жетпей жүр екен. Әйгілі жазушының төмендегі мақаласын мүйізі қарағайдай басылымдар екі жылдан бері баса алмай келе жатыр екен. Сарғая бастаған осынау материал qamshy.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Turkistan Today.ҒАЖАЙЫП ҒҰМЫРБАЯН Адам баласында пендешілік деген бар. Осы, әуел баста таусылмайтындай көрінген, алдамшы, қысқа тіршілігінде біреулермен сыйыспайсың, айтысып, тартысасың, өліспей бітіспес, кереғар қалыпқа жететін жағдайлар да ұшырасады. Бұл, әлдебір себептермен саған ұнамаған кісінің бар болмысы қағай, қаймана ғана емес, қасас, тіпті, жиіркенішті көрінуі мүмкін. Керісінше, кейбір кісімен бірден тіл табысасың, мақсаттас, пікірлес қана емес, тілектес сияқты, жақыннан сүйеніш санап, алыстан айбар тұтып отырасың. Осындай, мен үшін өзгеше танылған екі адам бар еді: М.Шаханов пен Төлен Әбдіков.Шиыртпақ Ал енді ойлап қараңыз, осы, бірі – бар жағынан жат, екіншісі – қай тұрғыдан алғанда да етене туыс екі кісі… өзара тіл табысып, сен туралы теріс мәмлеге келмесе де, жақын байланысып, бауырласып жатса қайтпек керек? Тұрпайы тілмен айтқанда, антиподыңның досы саған да қырбай болып кетті ме, әлде досыңның жаңа досы сенімен де жора болып шығуы керек пе? Қалай айтсаңыз да, бұрнағы мұраттас, жақын әріптес, өзім білетін отыз жасқа дейінгі қаламгерлік қызметі ұлттық көркем сананың үлкен белесіне жеткен Төленді теріске шағара алмайды екем. Екі қиырда жүрсек те, ежеттес бауыр, сыйлас, тұрғылас азамат. Ал анау кісі… Ешқашан да есепке қоспапсың, өзін кемшін санап, жазуын қарабайыр, қораш көріпсің, ол аз болғандай, Адамзаттың Айтматовы екеуін қосақтап, Ешкі жетектетіп қойыпсың, ақыры, «Айқын» газеті наурыз, жаңарған мезет орайында таттуластырмақ болғанда, ат-тоныңды ала қашыпсың, жай ғана тіксінбей, төтенше, әрі қатты айтқан екенсің.Міне, сондағы лепесің:«Айқын» газетінің барлық оқырмандарын Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын, еліміз аман болсын!Ал Шаханов жөнінде, мәселе жеке басқа байланысты емес, қазақ тарихына байланысты. Жеке басына келер болсақ, мен Шахановты ақын ретінде де, азамат ретінде де мойындамаймын. Оның не ақылы жоқ, не білімі жоқ, не түйсігі жоқ. Ар-ұят жағын айтпай-ақ қояйын. Тіл мәселесі баяғыда көтерілген, ал Шахановтікі атақ шығару жолындағы байбалам ғана. Оның бұл әрекетінің пайдасынан зияны көп.Мен ұлт тарихы тарабына қайшы пікірдегі немесе осы саланы саудаға айналдырған кісілермен ешқашан ешқандай мәмлеге келмеймін.Редакцияға ескертпе: сіздер қойған сауалға жауап ешқандай өзгертусіз басылуы тиіс. Бұл түрінде баса алмасаңыз мүлде баспай-ақ қойыңыздар.Прага қаласы, 21 наурыз 2008.»Редакторым да, оқырманым да шошынбасын, дәп осы қалпында сол «Айқын» газетінде басылып шыққан сөз – 22.ІІІ.2008. Аспан айрылып жерге түспеді, жарыққа жеткізген бас редактор әлі күнге өз орнында, басқа кісілері де аман-есен, жер бетінде жүр. Ал бұл келте кесім халқым қаласа да, қаламаса да, кейінгі барлық кітаптарыма енуге тиіс. Өйткені, тасқа басылған сөз ешқашан өшпейді.Солайы солай, бірақ… ойды ой қуатыны бар. Кешегі жалбағай жандайшап бүгінде қайтпас ұлтшыл болып кетсе, бұрнағы халық жаулары енді түгелдей ақталып, қаһарман шықса… бұл – заман ғана емес, сол заман тудырған ұғымдар да өзгеріп, құбылып, түрленіп, үстемесі тұрыпты, мүлде басқа бір мағнаға көшіп жатуы ықтимал деген сөз. Менің баяғы зілді кекесінім бір басқа, Төленнің дәп осы орайдағы мейірбан, кеңшілік лебізі бір басқа шығыпты. Осы екеуінің қайыра қабысуы мүмкін бе? Мүмкін екен…Мен өзгердім«Шыңғыс ханның» Төртінші кітабын тәмамдап, жеті жылдық ұзақ, әрі ауыр марафоннан соң тыныс табу, ес жинау ғана емес, осы, бар дүниеден баз кешкен замандағы көп жаңалықтан шетқақпай қалған олқылықтың есесін толтыру үшін «отандық ақпаратқа» көңіл бұрмаймын ба. Шет жұрттарға тасқа басылған газет-журналдарыңыз жетпейді. Бүгінгі жазармандар «ғаламтор» деп атаған, шын мәнісінде жалпы қазақ үшін кенеусіз өсекторға айналған интернетті ақтарыстыра бастадым. Әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылып, енді озық отызға иек артқан, жалпы жұрты байлық пен береке астында ғұмыр кешіп, республиканы мекендеген бір жүз қырық бірдеңе ұлт пен «ұлыс» шат-шадыман, тау-тәтті тұрып жатқан алпауыт еліміз жөнінде қаншама шынайы, әрі толық ақпар. Бұл жағынан өзім де там-тұм хабардар екем. Енді осы өткен жылдардағы әдеби, рухани өмір салтына қатысты толымды мағлұмат алуым керек. Өстіп, еріккен әуесқойлық жетегімен төңкере сапырып отырғанда, жаңа шет жағасын айтқанымдай, Төленнің – бір кездегі сырлас, ежеттес досым, тәрізі, менен әлі де жерімеген (баз-базында «Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауин» деп санатқа қосып қояды) Төлен Әбдіковтың өзгеше бір сұхбатына ұшырасып қалдым. М.Шаханов туралы атаулы толғау екен. Ағынан жарылыпты:[М.Шаханов] «екеумізді әдебиет табыстырды. Оның үстіне екеуіміз құрдаспыз. Бір-біріміздің шығармашылығымызға деген көзқарастарымыз жақсы болды да, бір-бірімізді дос тұтып кеттік. Мұхтар туралы айтқанда, оның ақындығын айтпай кетуге болмас. Ол өте үлкен ақын, әлеуметтік ақын… Ол – алған бетінен қайтпайтын, батыр адам. Жақсымен де, жаманмен де айтысып, доспен де ажырасуға дейін баратын үлкен принциптің адамы. Елге, халыққа деген сүйіспеншілік адамның азаматтығын айқындайды. Егер ол жеке басының қамын ойласа, әлдеқайда жоғары дәрежеге жеткен болар ма еді? Қазір біреулер оны елегісі де келмейді. Бірақ оның барлығы да уақытша нәрсе. Ең бастысы – халық Мұхтарды жақсы көреді… Ақынға бұдан артық қандай бақыт керек?! Жаратылыстың бір қызық жері, талантты адамдардың барлығы бірдей жақсы адам бола бермейді. Бірі қырсық, енді бірі қызғаншақ, тағы бірі мақтаншақ… Ондай адамдармен алыстан ғана сыйласқың келеді. Ал Мұхаң олардың қатарынан емес… Мен оған қазақ руханиятындағы жарық жұлдыздардың бірі деп қараймын. Мұхтар – терең, әріден ойлайтын ақын. Жүрекке жететін өлеңдері қандай ғажап. Сондықтан мен «Мұхтарды әлі де халыққа таныту керек, Мұхтардың бағасын әлі де толығырақ етіп беру керек» дегендердің жағындамын». («Жұлдыздар отбасы – Аңыз Адам» – 2012, №12).Алғаш оқып шыққанда бұл түйдек толғамның тең жарымын көңілшек аңғалдық, қалған жарымын мүлде қате деп таныдым. Қайыра оқығанда, үстемесін мүлде қабылдамай, негізгі тезистерін мыйыма сыйғыза алмадым. Үшінші мәрте оқығанда…Менің жатырқап, теріс көргенім – М.Шаханов туралы сөздер деп ойладыңыз. Жоқ, басқасы. Біздің ұғымда – шынымен, нағыз дарынды кісілердің бәрі де жақсы адам болады. Әлдеқалай айтқанымыз бар, жақсы адамдардың бәрі бірдей жазушы болмайды, алайда, жаман адам да ешқашан жақсы жазушы бола алмайды, деп. Таңбаға түскен сөз, нақты есімде жоқ, бірақ шамасы осылай. Және «Аласапыраннан» бұрын, отыздың ішінде: «Шын кемелге күншілдік жат» дегем, дарынды адамда басқаның табысына қызғаныш болмайды, керісінше, қашанда сүйінеді, қуанады, төтеден жаңа бір, өзгеше туыс тапқандай сезімге бөленеді. Бір сөзбен айтқанда, өзіне қаншама сенімді болса, тұрғыластарына соншама мейірбан, кең, дарқан. Ал енді әдепкі мінез… әрқилы болуға мүмкін. Төлен айтқандай, «қырсық, мақтаншақ» және кіді, кірбең; шамданшақ, үркек. Тұлғаның өзіне болмаса, басқа ешкімге зияны тимейтін, пәндәуи кінәрат – әркімде ұшырасуы мүмкін кемшіліктер. Сондай-ақ, ұлылықпен туыстас, бойына жан теңгермейтін менмендік деген бар. Еуропадағы Байрон мен Гөте, өзіміздегі Науайы мен Абай… Тұрғыластарынан ғана емес, дәуір, заманынан озған артықшылық осындай тәкаппар мінезге жеткізген; табиғи, өзгеше қасиет. Хош. Айтпағымыз басқа. М.Шахановтың ақындығы, қайтпас батырлығы, кемеңгер даналығы, бір сөзбен айтқанда, ерекше тумысы жөнінде. Мен білген Төлен бейсауат сөйлемеуші еді. Және бұл – дастарқан үстіндегі әңгіме емес, баспаға шыққан пікір. Ойланып қалдым. Мүмкін мен осындай, бар жағынан мінсіз, ұлы тұлғаның бағасын танымай жүрген шығармын. Келісу қиын еді, әйткенмен, көңілімде екідай күмән туған. Сөйтіп отырғанда, Төленнің тағы бір сұхбатына ұшырасып қалыппын. «Қазіргі әдебиеттегі өзіңіз жақсы бағалайтын қаламгерлерді атап өтіңізші?» – деген сауал тастайды ғой, қостанайлық бір журналист (әуелде облыстық газет «Қостанай таңы» – 16.ІІ.2016, кейінде «Қазақ үні» – 17.ІІ.2016 және «Әдеби портал.кз»). Төкең бөгелмейді: «Егер поэзияны алсақ, әрі ақын, әрі алған жолынан таймайтын қайсар қайраткер Мұхтар Шахановтың орны ерекше деп есептеймін.» Жөн-ақ! Жөндемі – «Одан кейін…» – біз, яғни Мұхтар Мағауин айрықша бағалайтын Көктүрік Темірхан Медетбеков, тезек термесе де, теміршек болып қалыпты. «Одан кейін…» – тағы да біз ғана емес, жалпы жұрт жоғары көтеретін «Есенғали, Ұлықбек, Жәркен, Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы… болып кете береді ғой. Ауызға түспей қалған жақсы ақындар кешірер…» – дейді кеңпейіл аға. Қалай айтса да, Темірханы бар, Есенғали, Серігі бар – түгелімен М.Шахановтың қою шаңының астында қалыпты. Мұндай болады, біреуді жоғары, біреуді кейінірек қою. Талғам деп аталады. Мәселен, біз өзіміз «Тәуелсіздік бастауында айрықша еңбек етіп, бәріміздің алдымызға түскен – Бекежан Тілегенов болды» деп жазғанбыз. Сол сөзімізден қайтпаймыз. Ал менің Төлен досым, арада бірер ай өтті ме, жарым жыл өтті ме, бұл пікірінен айнып кетіпті. «Әдебиет порталы» дейтін сайтта отырған балалар балалық сұрақ қояды ғой. Екі ғасыр шегіндегі ең үлкен он ақынды атаңыз деп. Төкең іркілместен, ең мықты он ақынды көгендеп тізіп береді. Жаңа ғана бардың басы – бірінші ғана емес, айрықша озғын ақын – М.Шаханов еді ғой, енді бұл шіркін осы ондыққа ілінбей қалыпты. Ең жақын досы hәм қатарлас құрдасы ескерусіз тастаған соң, басқалардан не қайыр, осындай сауал қойылған қырық қаралы ақын-жазушы-әдебиетшінің бар жауабын жинақтап келгенде, Шахаң алғашқы ондық тұрыпты, екінші ондыққа да сыймай қалған, жиырмадан өтіп, отыздың арғы жағында тұр. Тағы да айтайық, келеңсіз сауал, әрі талғамға талас жоқ. Алайда, Төленнің мұнысы не? Сөздің шеті шығып қалған соң турасын айтпады ма. Бұған да жауап таптық. Әйгілі ұмытшақ қой. Бұл тарапта әзілді-шынды қаншама анекдот бар. Бірақ Төкең өзінің әйелінің түрін ұмытыпты, балаларының атынан жаңылыпты деп естімеген едік. Мынаусы – кешегі
- Соңғы
- Қараша, 24
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 14
-
- Қазан, 10
-
- Маусым, 20
-
- Мамыр, 19
-
- Сәуір, 08
-
- Наурыз, 29
-
- Наурыз, 19
-
- Наурыз, 12
-
- Наурыз, 05
-
- Ақпан, 28
-
- Ақпан, 26
-
- Ақпан, 11
-
- Қаңтар, 16
-
- Қаңтар, 06
-
- Желтоқсан, 24
-
- Желтоқсан, 23
-
Күнделікті жаңалықтар
6 мамыр 2026