Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дұға тез қабыл болу үшін не істеу керек?

newsroom.kz

Дұға тез қабыл болу үшін не істеу керек?

Әрбір адамның жүрек түкпірінде сақтаған асыл арманы болатыны белгілі. Ал сол арманның орындалуы үшін дұға тілеудің де өз әдебі бар екенін білдіңіз бе? Ендеше, Newsroom.kz порталының дұғаның әдебі мен шарты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Мүфтият ақпаратына сәйкес, жасаған дұғасы қабыл болуы үшін әр мұсылман дұғаның әдептері мен шарттарын, қабыл болу ықтималдығы жоғары уақыттар мен қабыл болуын тосатын кедергілер жайлы хабардар болғаны дұрыс.

Дұғаның әдептері

1. Аллаға мадақ, Пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен бастап, аяқтау керек;

2. Дұғаны кеңшілік кезінде де, қиындық кезінде де қылу;

3. Жанұясына не мал-мүлкіне, балаларына немесе өзіне қарсы дұға қылмауы тиіс;

4. Дұғаны ақырын дауыспен қылу;

5. Дұға қылғанда Аллаға қатты жалбарыну;

6. Дұғаны қайта-қайта қылу;

7. Құбылаға қарап дұға қылу;

8. Дұға қылғанда қолды жоғары көтеру;

9. Дұға қылардан бұрын дәрет алу;

10. Дұға қылғанда Алла Тағаладан қорқып жылау;

11. Басқа біреуге дұға қылса бірінші өзінен бастауы тиіс;

12. Тәубе ету және хақсыз істегендерін қайтару;

13. Өзімен бірге ата-анасына да дұға қылу;

14. Өзімен бірге иман келтірген ерлер мен әйелдерге де дұға қылу.

Дұғаның қабыл болуының басты уақыттары

Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру;

Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты;

Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану;

Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану;

Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек.

Бірінші кедергі: харамға бой алдыру, хараммен жеу, ішу, кию;

Екінші кедергі: дұғаның тез қабыл болуына деген шыдамсыздық танытып, ақырында дұғаны тастап қою;

Үшінші кедергі: асылық және тыйым салынған істерге бой ұру. Дұғаның қабыл болуына тыйым салынған шектерді бұзып, күнәларға бару кедергі болуы мүмкін;

Төртінші кедергі: Алла Тағаланың міндеттеген парыздарын орындамау. Құлшылық істерін орындаудың дұғаның қабыл болуының бір себебі десек, керісінше, мұсылманға міндеттелінген парыздарды орындамау да дұғаның қабыл болуына кедергі болып есептеледі;

Бесінші кедергі: Күнә-қателікте болу не туыстық байланыстарын үзу;

Алтыншы кедергі: Дұғаның қабыл болуы Алланың хикметімен кешігуі ықтимал. Бұл туралы бір хадисте айтылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар