Мына с здерді балаға күнде айту керек

Ата-ана балаларымен күнде әңгіме айтып жатады. Сол әңгіменің арасында маңыздысы немесе маңызы жоғы, оның өміріне әсер ететіні немесе онша әсер етпейтіні де бар. Алайда, балаңызға күнде кей сөздерді айтуды әдетке айналдырсаңыз, балаңыз байсалды, сенімді, бақытты, ештеңеден қорықпайтын болып өседі. 1. «Мен сені жақсы көремін» Әрине, бұл баршамызға белгілі. Бірақ, арамызда соны біле тұра, ішінде ұстап айтпайтын немесе өте сирек айтатын адамдар көп. Бұл сөздің құдыреті күшті. Оны тек ата-анасы баласына емес, кез келген адам жақындарына жиі айту арқылы өзінің қамқорлығын, ол адамның оған қымбат екендігін білдіреді. Ал балаға келсек, бұл сөзді күніне тек бір рет емес, қайта-қайта айта беріңіз. Мысалы, баланы ұйқыдан «мен сені жақсы көремін» деп оятыңыз. Баланы бала-бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда, күтіп алғанда «мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз. Осы сөзбен оны ұйықтатыңыз. Осылай бірнеше рет айту арқылы бала сіздің оны шын жақсы көретініңізге сенетін болады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 желтоқсан 2023
3 желтоқсан 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар