Колледж студенттерінің стипендиясы артады

Колледжде жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттер 32 681 теңге алады. Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда: техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге; техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге стипендия төленеді.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар