Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

18 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

zhambylnews.kz

18 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың өмір сапасын арттыру жұмысын басқарып, олар үшін кедергісіз орта жасауға мүмкіндік жасау – «AMANAT» партиясының баса назарында. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарының бірі халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуге бағытталған. Осы мақсатта партияның «Кедергісіз Келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жәрмеңкеде 20 мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 100-ден аса аса бос орындарды ұсынды. Осылайша, тағдыр тауқыметімен мүмкіндігі шектеулі болған жандар мекеме өкілдерінен кеңестер алды. Нәтижесінде, 18 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа жолдама алып отыр.

Жолдама алған азаматтарға мамандықтарына сәйкес күзетші, аспазшы, шет тілінің мұғалімі, еден жуушы, көлік жүргізушісі, сатушы, менеджер сынды жұмыстар ұсынылып отыр. Алдағы уақытта олардың тұрақты жұмысқа орналасып кетуі партия назарында болады.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында қоғамдық қабылдау да ұйымдастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ерекше қажеттілігі бар жандарды жеке мәселелеріна құлақ түрді.

Азаматтар қабылдауда мүгедектік тағайындау, тағайындалған мүгедектік тобына келіспеу, материалдық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, санаторлы-курортты ем қабылдау сынды мәселелер көтерді. Сондай-ақ, дәрігерлердің қызметіне де шағым түсірілді. Жауапты тұлғалар бірден 4 азаматтың мәселесін оң шешіп берсе, қалғандарына заң аясында жауаптар берілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024