Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жыл сайын елімізде 2500-4000 бала туабітті аурулармен дүниеге келеді

inform.kz

 Жыл сайын елімізде 2500-4000 бала туабітті аурулармен дүниеге келеді

Елімізде жыл сайын орта есеппен 2500 - 4000 нәресте түрлі туабіткен дерттермен дүниеге келеді. Мұндай деректер Ашық НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанда жылына орташа есеппен 2500 - 4 000 жаңа туған нәресте әртүрлі туа біткен ауытқуларымен және даму кемшіліктерімен дүниеге келеді. 2500-ге жуық нәресте жаңа туған кезеңде хирургиялық көмекті қажет етеді. Республика бойынша хирургиялық көмек көрсетілген нәрестелер саны 11,6%-ға ұлғайды, бұл ретте шұғыл операциялардың үлесі - 61,1%. Жыл сайын шамамен 3 845 сәбидің жүрегіне ота жасау қажет болады», - делінген тұжырымдамада. Қоса кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 7 жылға арналған Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, құжатты ашық талқылауға шығарды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024