Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БАҚ: Жыл басынан бері Ресейге 35 мыңға жуық қазақстандық жұмыс іздеп барған

azattyq.org

БАҚ: Жыл басынан бері Ресейге 35 мыңға жуық қазақстандық жұмыс іздеп барған

Биыл бірінші тоқсанда Өзбекстаннан Ресейге 630 859 адам жұмыс іздеп барған. Бұл жөнінде Ресейдің қауіпсіздік қызметі (ФСБ) хабарлағанын "Ведомости" басылымы жазды.Басылымның мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейге 1,3 миллион еңбек мигранты барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.Ресейге Тәжікстаннан 349 357 адам, Қырғызстаннан 172 591 адам барған.Армениядан Ресейге 47 337, Қазақстаннан 34 783 адам жұмыс іздеп барған деп айтылады.Бұл – тек ресми тіркелген көрсеткіш.Бұған дейін ақпарат құралдары былтыр Ресейге 3,5 миллион мигрант жұмыс іздеп барғанын жазған. Олардың дені Мәскеуде және Мәскеу облысында, Санкт-Петербургте және Ленинград облысында қалған.Ресейде Орталық Азия мигранттары Украинаның басып алынған қалаларын қалпына келтіруге тартылып жатқаны да бұған дейін хабарланған. Былтыр желтоқсанда Мариупольдегі бұзылған үйлерді қалпына келтіруге жіберілген тәжік мигранттары айлық ала алмай жүргеніне шағымданған. Құқық қорғаушылар "Бұл елде соғыс жүріп жатыр. Егер олар тұтқынға түссе, Украина заңдары мен халықаралық нормалар бойынша жазаға тартылады" деп айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024