Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Әкімдікте оқып жүр, талай қазақ баласы»: Оқушылар әкімінің кабинетінде білім алуда

kaz.365info.kz

«Әкімдікте оқып жүр, талай қазақ баласы»: Оқушылар әкімінің кабинетінде білім алуда

Әкімдікте оқып жүр, талай қазақ баласы. Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданы Амангелді ауылының мектеп оқушылары ауыл әкімінің кабинетінде білім алуға мәжбүр. Кабинетке сыймаған қалған балалар сабақты осы ауылдың мәдениет үйінің сахнасында оқиды, деп хабарлайды Астана арнасы.

«Бізде бала саны сыныптарда ондай көп емес қой. Он-он екі, он бес… Сондықтан олардың кабинеттеріне сыйып жатырмыз. Кабинетін бізге босатып берді ауылымыздың әкімі. Барлық жағдайларымызды жасап отыр. Қазіргі таңда тығыз байланыстамыз, ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқпыз», — дейді мектеп директоры Анар Габдуллина.

250 оқушының әкімдік пен мәдениет үйінде тентіреп жүруі тегін емес. Өйткені 41 жыл бұрын салынған ауыл мектебінің әбден тозығы жеткен. Халықтың білім ошағы туралы өтінішін «AMANAT» партиясы елеусіз қалдырмады. Партияның араласуымен мектепті күрделі жөндеуге 353 млн теңге қарастырылыпты. Бірақ қаржы уақытылы аударылмай, бұл іс межелі мерзімінен кешіккен. Енді мердігер тағы бір ай мұрсат сұрап отыр.

Мердігердің айтуынша, қазір мұндағы жұмыстың тек 83%-ы орындалыпты. Дегенмен мектепке электр желісі әлі толық тартылмаған, Шашылған құрылыс материалдарының қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Дегенмен білім ордасын жөндеу ісінің уақытылы аяқталуын аманаттықтар өз міндетіне алып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024