Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Австралиядағы өрттен 500 млн жануар өлді

ktk.kz

Австралиядағы өрттен 500 млн жануар өлді

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өрт сөндіру үшін қосымша 3000 әскеридің жұмылдырылғанын айтты. Ал қорғаныс министрі Линда Рейнольдс ел үкіметі бұрын-соңды болмаған төтенше режимге көшкенін жеткізді. Өрт жалынының биіктігі 12 метрден асқан. Соңғы ақпараттарға сәйкес, орман өртінен жануарлардың 24 түрінің 500 миллион басы өлген. Оның 8000-нан астамы коала аюы. Тілсіз жау Австралия орманының 5,5 миллион гектарын шарпыған. Ел тұрғындарының 1400-ден астам баспанасы отқа оранды. Ал өрттен шыққан улы-газды түтінен 10 миллионнан астам адам зардап шегіп жатыр. Бүгінге дейін өрт салдарынан 24 адам қаза болған. Олардың үшеуі өрт сөндірушілер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024