Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Канадада қарлы боран салдарынан 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

inform.kz

Канадада қарлы боран салдарынан 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың Ньюфаундленд аралында күшті қарлы бораннан зардап шеккен 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық метеобюроның мәліметінше, кешеден бері тіпті кей жерлерде қалыңдығы 70 сантиметрден астам қар жауған. Мұнда дауылды желдің ұйытқуы – 42 м/с. Ньюфаундленд аралының ірі қаласы Сент-Джонс шаһарының билігі төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлады. Барлық мемлекеттік мекемелер, банктер, кеңселер мен дүкендер жабық, көшелерде тек арнайы көліктерге рұқсат етілген. Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды. Фото: news.milli.az
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024