Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркиядан 47 мыңнан астам сириялық мигрант кетіп қалды

baq.kz

Түркиядан 47 мыңнан астам сириялық мигрант кетіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сириялық мигранттар Түркиядан Грекия және Болгария шекарасындағы Эдирне провинциясы арқылы кетіп жатыр. Реджеп Тайып Ердоғанның шекараны ашамыз деген шешімін жариялағаннан кейін 47 мыңнан астам мигрант Түркия шекарасынан ЕуроОдаққа кетіп қалды. Бұл туралы Түркия ІІМ Сулейман Сойлу 29 ақпанда Twitter парақшасында жазды. Сағат 23.50-дегі (сенбі, 29 ақпан – ред.) жағдай бойынша Түркиядан Эдирне арқылы кетіп жатқан мигранттардың саны 47 113 адам болды, деп жазды ол. Айта кетсек, Түркия президенті Тайып Ердоған сириялық босқындар үшін ЕуроОдақпен шекараның ашылғанын хабарлаған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024