Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысының екі ауылында карантин енгізілмек

inform.kz

Атырау облысының екі ауылында карантин енгізілмек

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының екі ауылдық округінде карантин режимін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Карантин Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінде қауын шыбынының таралуы себебімен енгізілуде. Зақымданған аумақтың ауданы – бір гектар. Махамбет ауданының Бақсай ауылдық округінде карантинге оңтүстікамерикалық қызанақ күйе көбелегінің көбеюі себеп болған. Зақымданған аумақ – екі гектар жер», - делінген Атырау облысы әкімдігінің «Ашық ҮЕҰ» порталында жарияланған қаулыда. Карантин режимін енгізу карантин нысандарының таралуына жол бермеу, оларды уақытылы анықтау, карантин нысандарының таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатымен енгізіліп жатыр. Қаулы
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024