Грузиядан 143 Қазақстан азаматы елге оралады – ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грузиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен 143 ҚР азаматы елге оралады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. «Коронавирус пандемиясының кесірінен әлемде болып жатқан ауыр ахуалға байланысты бүгін түнде Тбилисиден 143 Қазақстан азаматы елге оралу үшін ұшып шықты. Азаматтардың елге оралуына Грузиядағы ҚР Елшілігі атсалысты» делінген хабарламада. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұшаққа отырғызу және тіркеу кезінде азаматтардың жағдайы қалыпты болған. «Кедендік және шекаралық процедуралар еш кедергісіз өтті. Жолаушылар рейстің кейінге шегерілуіне түсінікпен қарады және чартерлік рейс ұйымдастырылғанына алғыс білдірді» деп мәлімдеді ведомство.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
9 қаңтар 2026
9 қаңтар 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар