Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда волонтерлер #Birgemiz акциясына үн қосып, 100 адамға көмек берді

inform.kz

Атырауда волонтерлер #Birgemiz акциясына үн қосып, 100 адамға көмек берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері 100 тұрғынға көмек берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атыраулықтар да #Bizbirgemiznurotan республикалық акциясына қосылып, мұқтаж жандарға көмек беруге кірісті. Қазір көмек алуға мұқтаж 1140 отбасының тізімі түзілді. Оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері, коронавирустың алдын алуға қажетті құралдар жеткізіледі. Көмек алатындардың қатарында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен жалғызбасты қариялар бар» -деп хабарлады «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі. Айта кетейік, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері алғашқы 100 тұрғынға көмек беріп үлгерді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024