Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

inform.kz

Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қосымша шектеу шараларына сәйкес бүгін, 6 сәуірден бастап қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, маршруттағы автобустар саны 36% -ға дейін азаяды. Ал 7 сәуірден кейін қалаішілік бағдарларда тек 68 қоғамдық көлік қатынайтын болады, яғни автобустар 80%-ға қысқартылмақ. «Төтенше жағдай кезінде автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын infobus қосымшасы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар», - деп хабарлады әкімдіктегілер. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен мен Семей қалаларында қосымша шектеулер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024