Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арман Шораевты босатты

nege.kz

Арман Шораевты босатты

Кеше әлеуметтік желіде қоғам белсенділері Қарағандыда ұсталған Арман Шораевты Алматыға алып келе жатқанын, түнделетіп сот өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Бүгін Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз Арман Шораевты қамаудан босатқанын хабарлады. Алматы, NEGE. Арман Шораевты бүгін Алматыда сот «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» босатқан. Естеріңізде болса, қоғам белсендісі А.Шораевты «төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деп айыптаған. Оған жеті жылға дейін сотталу қаупі төнгенін белсенділер жарыса жазып жатты. Тіпті қол жинау да басталып кеткен. Белсендінің қамаудан босатылуын "қоғамдық пікірдің жеңісі" деуге бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024