Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сирек кездесетін өсімдіктердің тамырын жинап жүрген екі адам ұсталды - ҰҚК

inform.kz

Сирек кездесетін өсімдіктердің тамырын жинап жүрген екі адам ұсталды - ҰҚК

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдік қазу құралдары мен 2,5 кг астам «ақшыл сепкілгүл» тамыры табылды. «Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу» бойынша жауапкершілікке тартылады» делінген
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024