Хафтар әскеріне түрік дрондарымен соққы жасалды

Ливияда «гибридтік соғыс» күшейе бастаған тәрізді, деп хабарлайды «Хабар 24».Триполидегі Ұлттық келісім үкіметінің күштері Түркиядан алған дрондар арқылы фельдмаршал Халифа Хафтар әскеріне соққы берді. Шабуылға қатысты бейнежазбаны түрік қауіпсіздік қызметінің бір өкілі жариялаған. Дрондардың соққысынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Хафтар Сириядан жеткізілген ұшақтар арқылы соққы беретінін айтып сес көрсетті. Айта кетейік, Ливияда Муаммар Каддафи биліктен құлатылғалы қос өкімет орнаған. Оның шығысын парламент бақыласа, батысы БҰҰ қолдауымен құрылған Файез Саррадж үкіметі қолында.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар