Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сенбі, 27 маусымға арналған ауа райы болжамы

baq.kz

Сенбі, 27 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 маусым күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр қатты жауады. Еліміздің батыс бөлігінде ғана сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, дауыл тұрады. Оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал. Сондай-ақ жекелеген аумақтарда бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024