Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлсіз адам, әлсіз әлем,

bilimdiler.kz

Әлсіз адам, әлсіз әлем,

Әлсіз адам, әлсіз әлем, Жыбырлаған жансыз әрең. Көзге жылтыр көрінгенмен, Иісі жоқ, дәмсіз әлем. Ауасы бар, демсіз әлем, Ауруы бар, емсіз әлем. Тура жолдан тайқып кетіп, Жол таппаған жөнсіз әлем. Дәрігер көп, дәрісі жоқ, Дәрістер көп, мәнісі жоқ. Құзырлының құлағы жоқ, Үзірлінің дауысы жоқ. Келуден көп кері қайту, Тек жылату не мұңайту. Күні - түні көргеніміз, Көрісу мен көңіл айту. Қартаймай - ақ қара жабар, Жаман індет, жаңа залал. Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар. Ей, өмір - ай өтірік, құр, Өңің неге өкіріп тұр?! Дала түгел жөтеліп тұр, Қара жерің кекіріп тұр. Ғылым қайда? Ғалым қайда? Алпауыттар әлің қайда? Ғарыш асқан білім қайда? Бірі емге табылмай ма? “Бәрі ісі бір Иені
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024