Өтірік лең
Көбелекпен дос болдым, Содан бері оң жолым. Көбелекте қанат жоқ, Шешіп тастап жүр тонын. Арыстанға жеткізді, Сермеп қойып бір қолын. Амандасты аң патша Маған атты бір соғым. Өрмекшіміз алжыды, Танып білмей оң - солын. Кездестірдім түлкіні Еңіреніп жүр долым. Жолбарыспен кездестім, Қой сықылды тым момын. Қыс қамына қамданып Тоқып жатыр ол тоқым. Аюым жүр орманда, Жылдам теріп құр қоқым. Сылаңданып билейді, Көл бетінде бір тотым. Сөйлеудің хас шебері Қасқыр дейтін бір досым. Жалқау дейтін жануар, Тап береді ол тосын. Жыртқыш болып алыпты Жасақтайды бұл қосын. Жұмыс бердім аралап, Іске бәрі жарамақ. Ай сайын ақша төледім Ауадан алып саралап.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 наурыз 2026
13 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар