Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан: Сайрам ауданында биыл 85 шақырым жолға асфальт төселеді

baq.kz

Түркістан: Сайрам ауданында биыл 85 шақырым жолға асфальт төселеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл соңына дейін ішкі көшелердің 85,1 шақырымына асфальт төселетін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Қазіргі таңда аудандағы ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 55 пайызды құрап отыр. Жөндеу жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 63,9 пайызға жететін болады. Айта кетейік, жалпы аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1276,3 шақырым болса, 862 шақырымына асфальт төселген. Оның ішіндегі 22 шақырымы республикалық, 162,1 шақырымы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Ал 133,2 шақырым ауданаралық болса, асфальт төселген 544,7 шақырымы ауданның ішкі жолдарына тиесілі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар