Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылорда: «Сыр Ана» алаңы қайта жаңғыртылды

qazweek.kz

Қызылорда: «Сыр Ана» алаңы қайта жаңғыртылды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы қайта жаңғыртудан өткен «Сыр Ана» алаңының жұмысымен танысты. Абаттандыру жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС жүргізген. Алаңда жаяу жүргіншілер жолы, спорттық-ойын алаңы және 2 су бұрқақ орналастырылған. Айта кетейік, «Сыр-Ана» монументі – Қызылорда өңірінің тарихи ерекшеліктерін айшықтайтын Сырдария өзенінің жағасында орналасқан монумент. Монументтің биіктігі – 39 метр. Ескерткіш пішіні биіктеген сайын өз діңгегінің айналасында оралып, әсем бейне қалыптастырады. Жоғарғы жағы қазақ әйелінің бейнесін айшықтайтын сәукелеге ұқсас жасалған. Сәукеле бейнесіндегі мұнара басын жайғалған күріш бейнесіндегі бөлшек аяқтайды. Қызылорда
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024