Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бішкекте митингте 5 адам жарақат алған

ktk.kz

Бішкекте митингте 5 адам жарақат алған

Бұл жайлы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімет таратқан. Наразылық білдірушілер 9 қазанда Бішкектегі Ала-Тоо алаңына жиналды – қатысушылар екі топқа бөлінді. Олардың бірі Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты, екінші топ оппозиция премьер-министр қызметіне ұсынған Садыр Жапаровтың жақтастарын қолдады. Наразылық акциясына қатысушылар арасында төбелес болды. Орталық алаңда қару дауысы естілді, тас лақтырылды. Жарақаттанғандардың екеуі амбулаторлық көмек алған, ал үшеуі орташа ауыр жағдайда госпитальге жатқызылған. Министрліктің мәліметінше, «Ата Мекен» партиясынан депутаттыққа кандидат Тілек Тоқтоғазиев те орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 сәуір 2024