Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

baq.kz

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы. Сонымен қатар 9 мамырда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 сәуір 2024