Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел Жаңаөзеннен табылды

inform.kz

Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел Жаңаөзеннен табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Үш баласымен бірге жоғалып кеткен әйел Жаңаөзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 30 шілде күні жоғалып кеткен әйел Жаңаөзенде балаларымен бірге дін аман табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 2 тамызға қараған түні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Дилбар Тілеулесованы үш баласымен Маңғыстау станциясының желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде күні Дилбар Тілеулесова үш баласымен бірге Маңғыстаудан Шымкентке пойызбен баруды жоспарлаған. Алайда стансаға дейін жетпеген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024