Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ислам мемлекеті" Кандагар мешітіндегі жарылысты мойнына алды

azattyq.org

Ислам мемлекеті Кандагар мешітіндегі жарылысты мойнына алды

"Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобы Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагар мешітіндегі жарылысты мойнына алды.Жихадтық ұйымның хабарлауынша, көп адам жиналатын шииттер мешітінде жұма намазы оқылып жатқан кезде екі содыр жан жақтан шабуыл жасаған. Ұйымның телеграм арнасында жарияланған хабарламасына сәйкес, бірінші содыр жарылғыш затты мешіт дәлізінде іске қосқан, екіншісі мешіт ортасында өзін жарған.Кандагардағы барлау қызметінің жетекшісі Азаттыққа оқиғаның салдарынан кемінде 36 адам қаза болғанын, 70 адам жараланғанын айтты.Бір апта бұрын елдің солтүстігінде Құндыз қаласындағы шииттер мешітінде жарылыс болып, ондаған адам қаза болған. Шабуылды "Хорасандағы Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024