Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шахтадағы апат: Мәжілісте бір минуттық үнсіздік жарияланды

baq.kz

Шахтадағы апат: Мәжілісте бір минуттық үнсіздік жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте Үкімет сағатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты. Барлығыңызға белгілі кеше Қарағанды облысында «Абай» шахтасында жарылыстан бірнеше азаматымыз (6 адам – ред.) қайтыс болды. Осы болған оқиға, әрине, бәріміздің жанымызға батады. Марқұмдардың жанұяларына, жақындарына, бауырларына қайғыра көңіл айтамыз және бір минуттық үнсіздік жариялаймын, - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары. Кеше Қарағанды облысы «Абай» шахтасында метан газының бөлінуінен апат болды. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 2 адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті .
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024