Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері бұғатталды

inform.kz

Ресейде Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері бұғатталды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Роскомнадзор Ресей аумағында Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерін блокқа қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ведомство берген ақпаратқа сай, 2020 жылдың қазанынан бастап ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды әлеуметтік желі тарапынан кемсітудің 26 жағдайы тіркелген.«2022 жылдың 4 наурызы күні Ресей Федерациясының аумағында Facebook әлеуметтік желісін (Meta Platforms, Inc. компаниясының иелігінде) блоктау туралы шешім қабылданды», - делінген ведомство хабарламасында.Сонымен қатар Ресейде Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы тоқтатылды.Роскомнадзор қызметінің ақпараты бойынша, Twitter шектеу Ресейдің федералдық заңының «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 15.3-бабының негізінде қойылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар