Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда қантқа байланысты дүрбелең туды

kznews.kz

Қазақстанда қантқа байланысты дүрбелең туды

Мысалы әлеуметтік желіде Қарағандыдағы дүкендердің біріндегі видео тарады. Видеода адамдар қантқа таласып, ұрсысып жатыр. ekaraganda.kz мәліметінше, кейінгі екі күнде облыс орталығында қант сатылымы бес есе артқан. Алдағы күндері сөрелер қайтадан толтырылады. Қарағанды облысы әкімдігі тұрғындарды дүрбелең тудырмай, сабыр сақтауға шақырды. «Бүгінде күн сайын жеткізу жүріп жатыр, жұмыс режимі бойынша. Ай басынан бері коммерциялық қоймаларға 2 240 тонна тауар түсті. 18 аурызға қарай тағы 1500 тонна тауар келеді. Қоймаларға күн сайын тауар әкелінеді. Ол үшін қаржы ресурсы мен коммерциялық келісімдер бар», — деді әкімдік өкілдері. Дәл осындай жағдай Атырауда да байқалған. Қалада қант бағасы өсіп кеткен, ал кейбір дүкендерде мүлде жоқ. Ал Оралда екінші күн қатарынан дүкендер мен базарда қант жоқ. Ірі супермаркеттерде кезек. Қант тапшылығы проблемасы Көкшетауда да байқалған. Елдегі қант тапшылығы проблемасына сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде елде қант тапшылығы жоқ. «Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» — деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», — деді Әлішер Өмірзақ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар