Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақстандық әскери техника Украина аумағына жөнелтілді» – ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

aikyn.kz

«Қазақстандық әскери техника Украина аумағына жөнелтілді» – ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Қазақстан қарулы күштеріне тиесілі әскери техникаларды тас жолмен тасып жатқан видео тарады. Қолданушылар оны Украинаға бара жатуы мүмкін деп жазған. Алайда ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың фейк екенін хабарлады. «Қазақстанның Қарулы күштерінде желтоқсаннан бастап наурыз айы бойына қысқы оқу кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезең әскери қызметшілерді мамандыққа дайындаудан басталды. Қазіргі уақытта бөлімшелер батальондарға біртіндеп ауыстырылып, жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтау кезең-кезеңімен жүзеге асырылу үстінде. Жауынгерлік даярлық сабақтары жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, күштер мен құралдардың тұрақты орналасу пункттерінен оқу-жаттығу полигондарына және кері бағытта қатынауына байланысты болып отыр. Әскери техниканың қозғалысы автомобиль тартқыштары және теміржол көлігі арқылы жүзеге асырылады. Жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келеді. Қысқы оқу кезеңі аяқталған соң әскери бөлімшелер бірқатар батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік атыстарды жүргізу арқылы тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріседі. Мемлекет басшысының жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарау жөніндегі тапсырмасына сәйкес Бас штабтың жұмыс тобы Қарулы күштердің жауынгерлік оқу процесін реттейтін құжатты қайта өңдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар әскерлерді оқытуға жеке құрамның машығын жетілдіруге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруда әр әскер түрінің, атап айтқанда Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің рөлі маңызды. Олар өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтап, әскери оқу-жаттығуларды өткізеді. Қысқы оқу кезеңі біткен соң қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау қажет. Дайындық барысында жеке құрамға нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізу, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін тексеру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Мамандар ақауларды анықтап, кемшіліктерді жояды. Сонымен бірге түрлі климаттық жағдайда техниканы пайдалану үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі» – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар