Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

The Insider журналисі Оксана Баулина Киевте оққа ұшты

azattyq.org

The Insider журналисі Оксана Баулина Киевте оққа ұшты

The Insider басылымының тілшісі Оксана Баулина Киевте редакция тапсырмасын орындап жүрген кезде оққа ұшып, қаза тапты."Ол Ресей бомбалап жатқан Киевтің Подольск ауданын суретке түсіріп жүрген кезде жаңа зымыранның бомбалауының астында қалды. Онымен бірге бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Оларды ертіп жүрген екі адам жараланып, ауруханаға түсті" деп жазады The Insider.Оксана Баулина бұған дейін Алексей Навальный негізін қалаған Жемқорлықпен күрес қорында жұмыс істеген. Азаттықтың Орыс қызметінде және "Медиазонада" тілші болған.2017 жылы Азаттықтың Орыс қызметі Оксана Баулина жайында деректі фильм түсірген. Ол кезде Оксана "Навальный Live" каналында бас редактор қызметін атқарған. Каналды Ресей билігі экстремистік ұйымдардың тізіміне енгізгеннен кейін Баулина Ресейден кетуге мәжбүр болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар