Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан ҰҚМК Украинадағы "соғысқа қатысқан" азаматқа іс қозғады

azattyq.org

Қырғызстан ҰҚМК Украинадағы соғысқа қатысқан азаматқа іс қозғады

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) әлеуметтік желідегі парақшасында Украинадағы соғыстан фото-видео материалдарын жиі жариялайтын қырғыз азаматын анықтағанын мәлімдеді.Комитеттің мәліметінше, аталған аккаунт иесі К.у.А. есімді азамат 2021 жылы желтоқсанда Украинаға жұмыс іздеп кеткен.ҰҚМК "Қырғызстан азаматының шетелдегі қақтығысқа қатысу" бабы бойынша іс қозғаған. Комитет жедел тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.Ведомство шетелдегі соғысқа қатысқан қырғыз азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.Ресей Украина аумағына 24 ақпанда басып кірді. Қазір қақтығыс негізінен елдің шығыс бөлігінде жүріп жатыр. Киев Ресей әскері 25 мың солдатынан айырылды деп мәлімдеген. Мәскеу көп адам шығыны болғанын мойындағанмен нақты санын айтпады. Соғыс басталғалы бері Қырғызстанға Украинадағы соғыста қаза болған үш адамның мәйіті жеткізілген. Олар Қырғызстанда туғанмен оларға Ресей азаматтығы болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024