Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырым әкімшілігіне көк пен сары бояу жаққан адам "теракт жасауға оқталды" деп айыпталды

azattyq.org

Қырым әкімшілігіне көк пен сары бояу жаққан адам теракт жасауға оқталды деп айыпталды

Ресей аннексиялаған Қырым тұрғыны Богдан Зиза "теракт жасауға оқталды" деген айыппен Симферополь түрмесіне қамалды. Бұл ақпаратты жергілікті "Грати" басылымы хабарлады.Зизаны 16 мамырда "қалалық әкімшілік ғимаратының есігі мен қабырғасына көк пен сары бояу жақты" деп айыптаған. Федералды қауіпсіздік қызметі "Зиза терезеден Молотов коктейлін лақтырған, алайда ол жанбай қалған" деп есептейді.16 мамырда ұсталған Зизаны қамау туралы сот шешімі қашан шыққаны белгісіз. "Қырым24" телернасы "өзін Богдан Зизамын деген адамның жасаған әрекетіне өкінетіні" жайлы видеосын жариялаған."Ресейдің Украинадағы арнаулы операциясына қарсылық ретінде Евпатория әкімшілігінің ғимаратына көк пен сары бояу жаққанымды мойындаймын. Өртеп жібермек болдым. Айыбыма лайықты жаза арқалауға, кінәмді өтеу үшін еңбек етуге дайынмын", – дейді ол видеода.Крым.Реалии жазуына қарағанда, соғысқа қарсы ұстанымы үшін кешірім сұраған Қырым тұрғындары туралы видеоларды ресейшіл телеграм-арналар мен БАҚ жиі жариялай бастаған.Крым.Реалии Евпаторияның 28 жастағы тұрғыны Богдан Зизаның саяси белсенді болмағанын, Украинаны қолдап бұрын әлеуметтік желіге ештеңе жазбағанын анықтаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар