Тағы бір ресейлік блогер қазақстандықтардан кешірім сұрады
Ресейлік блогер Даня Милохин дау тудырған сөзінен кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер Даня Милохин отандық музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді. Бұдан кейін ел тұрғындары Tik Tok жұлдызына өз еліне қайтуға кеңес берген. Ал Даня Милохин болса жағдайдың ушығып кеткенін аңғарып, Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырды. “Қазақтар, сіздерді жақсы көремін. Ешқашан сіздердің көңілдеріңізді қалдырамын деп ойлаған емеспін. Егер кездейсоқ ренжітіп алсам, кешіріңіздер”, – деді блогер. Ол тағы бір желі жұлдызы Аня Покровпен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралаған. “Мен Қазақстанға тағы да ғашық болдым”, – деді Аня парақшасында Шарын шатқалы, Медеу, жайлаудағы суреттерін жариялап. Аня парақшасында сонымен қатар табиғат аясында жүрген сәтінің видеосын жүктеді. “Апа, мен жұмақтамын. Мен бұндай көріністерді қатты жақсы көремін. Ант етейін, бұл мен үшін жұмақтың өзі. Қазақстанға 101 рет ғашық болдым. Бағасын беріңіздер”, – деді Аня Покров. kaz.nur.kz
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 маусым 2026
14 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар