«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Облыс орталығында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас құтқарушы» сайысы өтті. Оған Петропавл қаласы мен облыс аудандарының 13 пен 17 жас аралығындағы колледж бен мектеп оқушылары қатысты. Жас құтқарушылардың жарысын тамашалап қайтқан әріптесім Айгерім Құсайынова жалғастырсын. Балалар жылына орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Жас құтқарушы» жарысының ашылу рәсімі көңілді ән мен биден басталды. 5 кезеңнен тұратын жарыста 10 команда жарысады. Ал жалпы барлық қатысушылар саны 72. Айта кету керек, бұл жарыс пандемияға байланысты екі жыл өтпеген еді. СЕРІК НАУРЫЗБАЕВ, ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: – Бұл іс-шара бұған дейін аудандарда өткізілді, ал бүгін облыс көлемінде қорытындысын шығарамыз. Мықты команданы таңдап, республикалық жарысқа жібереміз. Мәселен, 2019 жылы М. Жұмабаев ауданының бір командасы республикалық жарысқа қатысып, екінші орынға ие болды. Биыл жеңген құрама да жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Петропавл намысын қорғаған «Ястребы» командасында 8 қатысушы бар. Олардың екеуі қыз бала болса, қалғаны ұлдар. «Жас құтқарушы» жарысына олар мықты дайындықпен келіпті. ӘЛІБЕК ОРАЗАЛИН, «ЯСТРЕБЫ» ТОБЫНЫҢ КОМАНДИРІ: - Біздің тобымыздың аты «Ястребы». Біз осы сайысқа 1-ші орын алу үшін келдік. Дайындығымыз жақсы болды және де бүкіл топтарға мен тек қана сәттілік тілеймін. Жас құтқарушылар белгілі бір кедергілерден өту, төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару, өрт-техникалық және құтқару жабдықтарын дұрыс қолдану әдістерін пайдаланып, сынасады. Ал, жеңген команда маусым айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық жарыста өңір намысын қорғамақ. Айгерім Құсайынова
- Соңғы
- Тамыз, 04
-
- Шілде, 31
-
- Сәуір, 05
-
- Қараша, 27
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
-
- Қыркүйек, 11
-
- Қыркүйек, 07
-
- Қыркүйек, 06
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
17 тамыз 2026
17 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар