Журналист деген мамандық емес, болмыс секілді
Журналист деген мамандық емес, болмыс секілді, меніңше:1. Өзі ашқұрсақ жүрсе де, жұрттың қарны тоқ па, соны уайымдайтын;2. Өзі бөтеннің босағасында жүрсе де, "бәлен баласы бар үй, вагонда тұрып жатыр", - деп, жаны қалмай жүгіріп, баспана әпермейінше тыныш ұйықтамайтын;3. Өз төлқұжатының мерзімі өтіп кетсе, соны ауыстыруға ЦОН-ға баратын уақыт таппауы мүмкін, бірақ егер әлдекімнің аты-жөнінен бір қате кетіпті десінші, жұмысының бәрін тастай салып сонда жүгіретін;4. Өзі айлап жалақысын ала алмай жүрсе де, әлдекім "айлығым бір күн кешікті", - десе, әділеттің туын көтеріп, бір ұжымның ақысын айырып беретін;5. Өзінің де Құдай берген қара домалақтары аз болмауы мүмкін, бірақ бір көпбалалы ана жәрдемақыға не атаулы әлеуметтік көмекке зәру екенін білсе, соны әпермей, тынбайтын...Яғни, нағыз журналист - Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, "жұрт жұмысы үшін жаралған жан.Мереке құтты болсын, жұртының жоғын өз басынан артық қоятын әріптес аға, әпке, сіңлі, інілерім! Ісімізге адал болайық! Басқасын қайтеміз. facebook.com парақшасынан Тектес:
- Соңғы
- Танымал
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 қаңтар 2026
3 қаңтар 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар