Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пойыз вагондарының 46% тозығы жеткен

altyn-orda.kz

Пойыз вагондарының 46% тозығы жеткен

Жыл басынан бері жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты 1 мыңнан астам өтініш-арыз келіп түскен. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Соңғы 10 жылда біз 1100-ден астам жолаушылар вагонын жаңарттық. Жолаушы вагондарының орташа тозуы – шамамен 46%. Биыл тағы жолаушыларға арналған 73 вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бизнесті, яғни жеке тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушы вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау енгізілді. Қазіргі уақытта швейцариялық «Штадлер» компаниясымен еуропалық стандарт бойынша жолаушы вагондарын шығару мәселесі пысықталып жатыр», – деді Қасым Тілепов. Оның айтуынша, 2029 жылға дейін елімізде 530-дан астам вагон сатып алынған. «Пойыздарға қатысты белгілі бір көлемде арыз-шағым барын білеміз. Сондықтан бүгінгі алаңға тасымалдаушы компаниялардың өкілдерін шақырдық. Соңғы 5 айда бізге 1000-нан астам өтініш, арыз келіп түсті. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, аталған 5 айда 200-ден астам вагон тексерілді, олардан 431 тәртіп бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде шамамен 32 млн теңге сомаға айыппұл салынды», – дейді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар