Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақстан барысы» турнирінде финалға екі балуан шықты

turkystan.kz

«Қазақстан барысы» турнирінде финалға екі балуан шықты

Бүгін елордада өтіп жатқан республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде финалға шыққан алғашқы балуандар белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Мұндай мүмкіндікке қызылордалық Мақсат Исағабылов ие болды. Ол жартылай финалда жамбылдық Ғалымжан Қырықбаевтан айласын асырып кетті. Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. Бойы 184 см, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Сондай-ақ, жартылай финалдағы екінші белдесуде шымкенттік Нұрсәт Темірхан мен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тайталасқа түсті. Кездесу барысында Нұрсәт Темірханның жарақат алып қалуына байланысты жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша төрешілер шешімімен Нұрдәулет Жарылғапов финалға жолдама алды. Нұрдәулет Жарылғапов 1996 жылдың 2 наурызында дүниеге келген. Бойы 182 сантиметр, салмағы 148 келі. Ол қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024