Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуға кеңес беріледі

ktk.kz

Қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуға кеңес беріледі

Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Министр Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен серіктестіктердің өкілдері қатысты. Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың көмірге деген сұранысының жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды, оның ішінде ішкі сектор – 2,8 млн тонна. «Министрлік келесі жылыту маусымына дайындықты наурыз айында бастады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне 15 шілдеден бастап халық үшін көмір жинауды бастау ұсынылады. Министрлік Жол картасын әзірледі. Бүгінгі таңда карта облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді», - деді Ілияс Оспанов. Жиынды қорытындылаған Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғаларға жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар