Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Швейцария Украинаның жаралы жауынгерлерін емдеуден бас тартты

azattyq.org

Швейцария Украинаның жаралы жауынгерлерін емдеуден бас тартты

Бейтарап статусы бар Швейцария Украинаның жаралы жауынгерлерін емдемейді. Бұл жөнінде AFP Tages Anzeiger басылымы мен Швейцария сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.Швейцарияға Украинаның жаралы жауынгерлерін емдеуге көмектесу жөніндегі ұсынысты НАТО жанындағы Еуроатлантикалық үйлестіру орталығы айтқан. Бұл ұйым Украина жауынгерлерінің халықаралық эвакуациясын үйлестіреді. Швейцарияның кейбір кантондары жаралы жауынгерлерді қабылдауға дайын екенін білдірген, бірақ Швейцария үкіметі оларға да тыйым салған.Бұл шешімді қабылдағанда Швейцария Женева және Гаага конвенциясына сүйенген. Бұл конвенциялар бойынша, емделіп шыққан жауынгер қайтадан соғысқа кірмеуге тиіс. Оны орындау үшін Швейцария жаралы жауынгерлерді соғыс аяқталғанша қайтармай, жүріс-тұрыстарын шектеуге мәжбүр болады. Бұған Швейцария кепілдік бере алмайды.Швейцария үкіметі бейбіт адамдарды емдеуден де бас тартты. "Өйткені кімнің бейбіт адам, кімнің жауынгер екенін ажырату мүмкін емес, көптеген бейбіт адам өз еріктерімен қолына қару алып, елін қорғап жүр" деп жазады Tages Anzeiger.Швейцария Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, оның ішінде медициналық көмек те бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар